ҰБТ тапсыратындарға кеңес.
Оқылу ұзақтығы 1 минут.
...
1. Күнде дайындал. Күніне кем дегенде 1 "пробный" тест жаса. Қанша балл алғаныңды тексер. Содан кейін қатемен жұмыс жасамай-ақ, тек қай сұрақтан қандай қате жібергеніңді көріп алсаң жеткілікті.
2. Жауапты жаттағаннан гөрі тест жасаған пайдалы. Жаттауға кететін уақытты тестке жұмса.
3. Күніне 1 сағат серуендеу, спортпен айналысу деген сияқты дүниелерді ұмытпа. Соңғы бір айда осы дүниелер қосымша баллдар әкелуі мүмкін.
4. Тек ҰБТ-ға көңіл бөл. Басқа сабақ өтіп жатса да, артқы партаға отырып алып тест жаса. Себебі, басқа сабақтардан алатын бағаны 11 жыл бойы алдың. Көңіліңді ҰБТ-ға аудар.
5. Онлайн курстарға қатыс. Онлайн курстар өте арзан болады. Бірақ, сол бағаға түсіндіретін мұғалім, есептер ғана емес, одан маңызды бір дүние аласың: ВАТСАП группадағы оқушылар. Олар да, дәл сен сияқты жоғары балл алғысы келеді. Қиналған есебіңді сол группаға салсаң, олар сол есепке қуана-қуана көмектеседі.
Сіздермен бөлісетін соңғы жаңалықтар:
🏆 "Еркін" мектебінің негізін салушы Еркебұлан Әріпбай (@yerqesh ) Астанада Поэзия конкурсының жеңімпазы атанды
🏆 Бұдан бөлек, Еуразия Ұлттық Университетінде өткізілген республикалық дебат турнирінде Үздік спикер атанды.
Құттықтаймыз!!!